"Бұл маңызды тарихи оқиға, өйткені бұған дейін БҰҰ-ның осы маңызды органында Орталық Азия елдерінің ешқайсысы ұсынылмаған. Қазақстанмен қатар Cedaw – да 11 орынға 20 мемлекеттің өкілдері – Оман, Швейцария, Ливан, Нидерланды, Гватемала, Андорра, Австралия, Непал, Грузия, Чили, Барбадос, ҚХР, Зимбабве, Бурунди, Камерун, Мозамбик, Солтүстік Македония, Уругвай, Ұлыбритания және Того үміткер болды", - деп хабарлады СІМ.