Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Орталық Азиядағы мүгедектігі бар әйелдердің мүдделерін ескере отырып Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу» атты халықаралық конференция өтті.
Бұл іс-шара Финляндияның «Кюннюс» қауымдастығы қолдаған Орталық Азияның мүгедектігі бар әйелдер ұйымдары желісі жобасының қорытынды кезеңі болды.
Іс-шараны «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы, Орталық Азия мүгедектігі бар әйелдер желісі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Кюннюс» қауымдастығы және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі бірлесіп ұйымдастырды.
Конференция барысында Орталық Азиядағы мүгедектігі бар әйелдер ұйымдарының жұмыс тәжірибесі қарастырылып, тақырыптық бағыттар бойынша талдау жасалды және мүгедектігі бар әйелдер мен қыздардың құқықтарын қамтамасыз ету тұрғысынан Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөнінде ұсыныстар берілді.