Жаңалықтар

Артур Ластаев: Адам саудасы – қазіргі заманның ең қатігез қылмыстарының бірі болып қалып отыр

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев «Заң және тәртіп: Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл» атты Ұлттық диалогқа қатысты.

Іс-шара Парламент Мәжілісінің, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің және Халықаралық көші-қон ұйымының (МОМ/IOM UN Migration) қолдауымен өтті.

Құттықтау сөзінде Артур Ластаев адам саудасы адамның негізгі құқықтарын өрескел бұзатын, қазіргі заманның ең қатігез қылмыстарының бірі екенін атап өтті. Бұл қылмыс адамның қадір-қасиетінің, бостандығы мен қауіпсіздігінің негізін шайқалтып, ең алдымен әйелдерге, балаларға, мигранттарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қауіп төндіреді.

Омбудсмен 2024 жылы қабылданған «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заңның маңыздылығына ерекше тоқталып өтті. Жаңа заң негізгі ережелерді бір құқықтық актіге біріктіріп, уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді жүйесін құруға мүмкіндік берді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жәбірленушілердің құқықтарын қорғау мәселелеріне де айрықша назар аударды.

«Тек қана құқықтық, әлеуметтік және психологиялық тұрғыдағы қолдаудың болған жағдайында ғана әділеттілік туралы толық мағынада айтуға болады», – деді Артур Ластаев.

Дереккөз: instagram.com
Жаңалықтар