- Өнер-білім беру құралы. Ұлттық құрылтай отырысында мен ұлттың болашағына қауіп төндіретін бес әлеуметтік жамандық туралы айттым. Мәдениет қайраткерлері осы жағымсыз құбылыстарды жоюға үлкен үлес қосуда. Людомания мен нашақорлықтың зиянын ашатын жаңа туындылар пайда болады. Бұл өте пайдалы іс, – деді Президент.
- Сіздердің қажырлы еңбектеріңізбен мәдениет пен өнерге адалдығыңызды қалай растайтындығыңызға куә болып отырмыз. Өнер адамы үшін ең құнды сыйлық – бұл халықтың мойындауы. Мен мәдениетіміздің дамуына елеулі үлес қосатын азаматтар тобын марапаттау туралы шешім қабылдадым. Биылғы жылы еліміздің мәдениет саласында ерекше орын алатын 7 жетекші ұжымы өз мерейтойын атап өтуде. Сондықтан бүгін мен осы мекемелердің қызметкерлеріне жоғары мемлекеттік наградалар табыстауды шештім,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.