Journal of Human Rights and Social Work журналында құқық қорғау орталығы қызметкерінің ғылыми мақаласы жарияланды
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің зерттеушілерімен бірлесе дайындалған Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының қызметкері, Ph.D, қауымдастырылған профессор А. Сыздықовтың ғылыми мақаласы халықаралық Journal of Human Rights and Social Work журналында жарық көрді.
Зерттеу жұмысы ұлттық құқық қорғау институттарының (ҰҚҚИ) адам құқықтарын қорғау жүйесіндегі орны мен қызмет ету ерекшеліктеріне арналған. Авторлар халықаралық және өңірлік деңгейдегі ҰҚҚИ рөлін талдап, әлемнің дамыған елдері мен Орталық Азия мемлекеттеріндегі институционалдық модельдерді салыстырмалы түрде зерттеген.