Жаңалықтар

Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы баяндама әзірленуде.

Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы баяндама әзірленуде.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Мемлекет басшысына азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық баяндамасын ұсынды.

Артур Ластаев:

аумақтық өкілдердің толыққанды іске қосылуы туралы хабардар етті;

өткен жылы омбудсменге 5 мыңнан астам өтініш келіп түскенін хабарлады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 1,5 есе артық;

ұлттық алдын алу тетігінің жұмысы, заңнаманы жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты жандандыру және құқық қорғау ұйымдарымен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл туралы баяндады:

атап айтқанда, азаптаудың алдын алу бойынша мыңнан астам алдын алу сапарлары өткізілді;

құқықтарды қалпына келтіру туралы 3,5 мыңнан астам ұсыныс шығарылды, 275 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, нәтижесінде 900-ден астам адамның құқықтары қорғалды;

Президенттің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында қабылданған шаралар туралы айтып берді. Құқық қорғау институты Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы баяндама әзірлеуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті.



Дереккөз: t.me/kazinform_news
Жаңалықтар