ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2 ақпанда елдегі азаматтық қоғамды одан әрі дамыту тәсілдерін әзірлеу мәселесі бойынша пікірталас алаңын ұйымдастырды, деп хабарлайды kazinform агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға Министрлік қызметкерлері, Парламент депутаттары, үкіметтік емес сектор өкілдері және басқалар қатысты.
Мәдениет және ақпарат Вице-министрі Данияр Қадыров Мемлекет басшысы мемлекет пен қоғам арасындағы саналы және сындарлы әріптестік процесін дамытудың маңыздылығын атап өтті.
- Үшінші сектордың даму векторын айқындайтын негізгі құжат болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамын дамыту тұжырымдамасы 2020 жылғы 27 тамызда қабылданды. Елдегі және әлемдегі жаһандық өзгерістерді ескере отырып, тұжырымдаманы өзектендіру және оған өзгерістер енгізу қажеттілігі бар, - деп атап өтті Данияр Қадыров.
Қолданыстағы тұжырымдаманы өзгерту, заңнаманы, ҮЕҰ қаржыландыру тетіктерін жетілдіру және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша ұсыныстар талқыланды.
Кездесу соңында министрлік өкілдері ҚР азаматтық қоғамын дамыту тұжырымдамасын өзектендіру бойынша ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлады.
Ұсыныстарды ағымдағы жылдың 30 наурызына дейін электрондық мекенжайларға жіберу қажет: a.kushkimbaev@mki.gov.kz, a.alzhaparova@kipd.kz, r.elyubaev@kipd.kz.
Бұған дейін хабарланғандай, мемлекеттен гранттық қолдау алатын үкіметтік емес ұйымдардың пулы соңғы төрт жылда Қазақстанда шамамен 25% - ға өсті.
Дереккөзге сілтеме inform.kz