2025 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Е. Ластаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру институттарын қолдану мәселелеріне, соның ішінде балалары бар әйелдерге қатысты қолдануға арналған Сараптамалық кеңестің кезекті отырысын өткізді.
Сараптамалық кеңес мүшелерінен бөлек, отырысқа ғылыми қауымдастық пен мемлекеттік органдардың – Бас прокуратураның, Жоғары Соттың және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері қатысты.
Отырысты аша отырып, Омбудсмен күн тәртібіндегі мәселенің маңыздылығын атап өтті. Ол шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру институттары – Қазақстанның ізгілікке негізделген қылмыстық саясатының негізгі құралдары екенін, бұл сотталған адамдарға түзелуін дәлелдеуге және қоғамға толыққанды оралуға мүмкіндік беретінін айтты.
Негізгі баяндама жасаған Сараптамалық кеңестің мүшесі Р.П. Шер шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны жеңіл түрге ауыстыру механизмдерін қолдану тәсілдеріне сараптамалық талдау ұсынып, бар мәселелер мен оларды шешудің ықтимал жолдарын көрсетті.
Отырыс қорытындысы бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру институттарын қолдануды ізгілендіру бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру бағытында бірқатар ұсыныстар әзірленді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сараптамалық кеңес – консультативтік-талдамалық функциялары бар кеңесші орган. Оның құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, құқық қорғаушылар мен тәуелсіз сарапшылар кіреді. Кеңестің негізгі міндеті – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша ашық әрі сындарлы диалог жүргізу және ұсынымдар әзірлеу.

Дереккөздер: instagram.com